​«Максим» таксиге тапсырыс беру сервисі алғашқы ребрендинг өткізуде​

​«Максим» таксиге тапсырыс беру сервисі алғашқы ребрендинг өткізуде​

2016 ნოემბერი 1
#taximaxim

Логотип жолайрықтармен және жол қиылыстарымен келісті болатын икемді әріптермен жазылған «maxim» сөзін білдіреді. Сондағы «a» әрпі қызыл түспен ажыратылып жазылған, өз нысанымен ол керекті мекенжайға нұсқап тұратын геомежені қайталайды. Сөз толығымен кіші әріптермен жазылған, сондығымен ол «maximum» және «taxi» сөздерінен қысқартылған тегін айтып білдіріп тұрады — таксидің ең көп саны.

Жаңа логотип әу-бастан такси қызметі болған осы компанияның бұрыннан өткенімен байланысты әрі соншалықты көп нәрселермен жүктемеленбеген. Ол шашкаларын «жоғалтты», ал солардың ішіндегі фирмалық қызыл шаршы жаһандық ақпараттық сервис ретіндегі компанияның қазірі мен болашағын көрсететін геомежеге айналды.

Компанияның алғашқы логотипі 2004 жылы әзірленген болатын. Өзінің ашылғаннан бергі қызметінде компания такси қызметі нарығындағы технологиялық өзгерістерінде, интернет-сервистердің дамытылуында, қатысып келеді, үнемі жұмыс географиясын ұлғайтып отырады, әрі таксиге тапсырыс берушілер, жеке тасымалдаушылар, такси парктері, тапсырыс беру қызметтері сияқты алуан-түрлі нарықтың барлық қатысушылары үшін қызметтер кешенін қалыптастырып үлгерді.

Жаңадан әзірленген логотип қазіргі заманға сайлықты, ұтқырлықты, сервистің барлық пайдаланушылар санаттарына достастығын көрсетеді және компанияның миссиясына сай келеді — яғни, жолаушылар мен жүргізушілердің өзара әрекеттестігін үнемі жақсартып отыру, адамдарға өз мақсаттарына барып жетуге жәрдемдесі.

Логотиптің жаңартылуы жоғары технологиялық сервис ретіндегі «Максим» брендінің позициялануының логикалық жалғасы болып табылады. Өзінің қызметін ұстай білгендігімен қатар, бұрыннан компания келе жатқан коммерциялық белгіленімін жаңартып, «таксиге тапсырыс беру қызметі» атауын «таксиге тапсырыс беру сервисі» деген атауға айырбастап отыр.


Жаңадан «Максим» логотипінің енгізілуі бренділі контактілердің барлық нүктелерінде біртіндеп жүзеге асырылуда: қосымшаларда, төлем терминалдарында, корпоративтік сайттарда,жарнамалық-ақпараттық материалдарда, құжатайналымда және басқаларында...